Өткен тәулікте Үндістанда коронавирустан 4000-нан астам адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте Үндістанда коронавирустан 4000-нан астам адам қайтыс болды

12.05.2021

Бүгін түскен мәліметке қарағанда, Үндістанда соңғы 24 сағатта коронавирустан 4205 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, жұқпалы індет 350 мыңға жуық адамнан анықталып, Covid-19-ға шалдыққандардың жалпы саны 23 миллионнан асып кеткен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы болса, бұл мемлекетте тарап жатқан «ковидтің» жаңа варианттарын алаңдататын әрі тез жұғатын инфекция деп атады. Ал, «Associated Press» агенттігінің хабарлауынша, әлем ғалымдары оны тезірек зерттеуге кіріспек. Өйткені, Үндістанда бұл жұмыс баяу жүріп жатыр.

Арыстан Рысбек

үндістан вирус

Хабарламаларға жазылу