25 түрме қызметкері коронавирус жұқтырған

19.05.2020

Қостанай облысында бір күнде 19 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың бәрі Жітіқара қаласындағы жазасын өтеу мекемесінің қызметкерлері. 

Вирус жұқтырғандардың 11-і ер адам, 8-і әйел адам. Жастары 21 мен 54 аралығында. Бүгін осы мекеменің тағы 6 қызметкерінің бойынан вирус табылды. Осылайша дертті жұқтырғандар саны екі күнде 25 адамға жетті. 

Барлығы да бұған дейін ауырғандармен жақын байланыста болғандар. Сондықтан бақылауға алынып, көпшілік жиналатын жерлерге жіберілмеген. Қалаға шықпаған. Қазір науқастар Жітіқара қалалық ауруханасына жатқызылды. 

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу