Нұр-Сұлтанда полиция қызметкері мен такси жүргізушісінен вирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкері мен такси жүргізушісінен вирус анықталды

09.04.2020

Нұр-Сұлтанда такси қызметінде жұмыс істейтін жүргізушіден вирус анықталды. Бұл туралы қала билігі мәлімдеді. Қазіргі таңда такси жүргізушісімен байланыста болған адамдар анықталап жатыр. Сондай-ақ полиция қызметкерінің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин хабарлады. Індет жұқтырған полиция қызметкері қазіргі таңда ем қабылдап жатыр. Онымен қарым-қатынаста болған 530 адам оқшауланған.

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК


Хабарламаларға жазылу