Елордада «Музей түні» тұңғыш рет онлайн режимінде өтті
Виртуалды шындық өмірдің барлық салаларына еніп жатыр. Дәстүрлі «Музей түні» акциясы биыл тұңғыш онлайн режимінде өтті. Экскурсиялар, шеберлік сыныптары, әдеби оқуларды көрермен онлайн режим арқылы тамашалады.
Диванда отырып-ақ, музейге саяхат жасауға болады. Бұл шындық. Музейдің ішін аралап, экспонаттарды қолмен ұстап көрмедім демесеңіз, бәрі көз алдыңызда.
Мәдени демалысты ұнататын көрермен компьютер мен смартфонға үңілді. Онлайн экскурсия барлық залдарды тамашалауға мүмкіндік берді. Талғамы биік көрермен құнды жәдігерлерге өз бағасын беріп жатты.
Акцияны әлеуметтік желідегі музейдің парақшасы арқылы мыңдаған адам тамашалады. Айта кетейік, былтыр «Музей түніне» 32 мың көрермен келген.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өзбекстанда қандастарымыз өз тілінде білім алады
18.09.2025, 10:11

Білім саласын цифрландыру - басым бағыттың бірі
18.09.2025, 10:10
Мамандар мемлекеттік қызметке онлайн түрде ғана қабылданады
18.09.2025, 10:09
Жер қойнауының жаңа картасы: Алғашқы лекте 100 мың шаршы шақырым аумақ қамтылмақ
18.09.2025, 10:08
Атырауда ірі газ-химия кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр
18.09.2025, 10:06
Дін көшбасшылары: Дін - адамзатты біріктіретін құрал
18.09.2025, 10:05
Халық пікірі: Киберқылмыс тұрғындардың цифрлық қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді
18.09.2025, 10:03
Жол апаты: Қостанайда жыл басынан бері 50 адам көз жұмды
18.09.2025, 10:01