20 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан және Петропавл қалаларында сауда-ойын-сауық орталықтары жұмысын қайта бастайды. Бірақ ондағы кинотеатрлар мен ойын-сауық алаңдары және фудкорттар іске қосылмайды. Бұл туралы Премьер-Пинистрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында айтылды. Сондай-ақ сол күннен бастап, қос қаладағы қоғамдық моншаларға жұмысын жандандыруға рұқсат етілді. Алайда санитарлық талаптарды қатаң сақтау маңызды. Елордада жүргізілген тексерістің нәтижесінде талапты сақтамаған 15 құрылыс нысаны анықталып, олардың жұмысы уақытша тоқтатылған. Сондай-ақ жиын барысында Ресейден 1 мыңға жуық азаматымызды елге қайтару мәселесі қаралды.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ