Елордада ойын сауық орталықтары ашыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ойын сауық орталықтары ашыла бастады

20.05.2020

Ал бас қалада ірі сауда орталықтары жұмысын бастады. Әлеуметтік нысан белгіленген тәртіп бойынша қызмет етеді. Сауда орындарындағы шағын дүкендерде сірескен адам болмау керек. Кірген адам арақашықтықты сақтауы тиіс. Талап бәріне ортақ. Дегенмен, бүгіннің өзінде дүкендерде адам толып жүр.

Сауда орталығында адам көп. Бетпердесіз жүргендер жоқ. Талап қатаң. Бұған қоса ғимараттың тазалығы да жіті бақылауда. Арнайы мамандар топ болып әр үш сағат сайын адам көп жүретін жерлерді жуып шаяды.

Кино театрлар әзірге ашылмайды. Себебі ауасы тар жерде адамдардың сағаттап отыруына болмайды.

Нұр-Сұлтан қаласында вирустың таралу көрсеткіші едәуір төмендеп келеді. Сол себепті шағын дүкендер, базар, моншалар кезек-кезек ашылып жатыр. Алайда, бұл нақты шешім емес. Егер маман айтқан сақтық шаралары орындалмай, індет қайтадан өршісе, бүгін ашылған орталықтардың барлығы қайта жабылып қалуы мүмкін.

Сәуле АЛДАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу