Экономикалық дағдарыс: Әлемді не күтіп тұр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экономикалық дағдарыс: Әлемді не күтіп тұр?

16.05.2020

Қазақстанның қарекетін айттық. Енді пандемия әлемді қалай өзгертеді деген сауал көкейде сайрап тұр. Өйткені біз жұрттан жырақ аралда тұрып жатқанымыз жоқ. Материктің қақ ортасынан ойып тұрып орын алған мемлекет оң-солының бәрімен араласуға міндетті. Дерт келгелі адамдар ғана көшеге шыға алмай қалған жоқ, тұтас мемлекеттер шекарасын шегендеп алыс-беріс пен барыс-келісті шектеді. Ендігі міндет күту, жаһанның жандануын. Жығылғанға жұдырық демекші, әлем экономикасының тамырына қан жүгірткен мұнай бағасы құлдырап шикізатқа күні қараған елдерді әбден титықтатып тастады. Айтып-айтпай не керек, оның ішінде бізде бармыз. Елде отырып ел жағдайын айттық қой, енді дөңгеленген дүниенің бүгіні мен ертеңін халықаралық сарапшымыз Индира Бегайдардан білейік.

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу