АҚШ зерттеушілері Гавайи аралдарының маңындағы су астынан ХХ-ғасырдағы екі дүниежүзілік соғысқа қатысқан кеме қалдықтарын тапты. «Невада» әскери кемесі 1914 жылы құрастырылған және бірінші дүниежүзілік соғыс соңында АҚШ президенті Вудро Вильсонды Еуропа сапарына апарған кемелердің бірі.
Ал 40-шы жылдары «Невада» екі рет суға батқан дейді тарихшылар. Алғашқысы жапон әскерінің Перл-Харборға шабуылы барысында қатты зақым келіп, су түбіне кеткен. Алайда аз уақыт ішінде қайта қалпына келітірліп, 1944 жылы АҚШ әскерінің Нормандияға жетуіне қызмет еткен.
Соғыс аяқталған соң «Невада» кемесі АҚШ-тың ядролық қару сынайтын нысанына айналған. Нәтижесінде 1948 жылы кезекті сынақ барысында қатты зақымдалып, мұхит түбіне кеткен.
Ocena Infinity