«5-10-20» бағдарламасы: кім, қалай және қандай бағамен пәтер алады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«5-10-20» бағдарламасы: кім, қалай және қандай бағамен пәтер алады?

13.05.2020
«5-10-20» бағдарламасы: кім, қалай және қандай бағамен пәтер алады?

«5-10-20» бағдарламасына кімдер қатыса алады? Жобаның шарттары қандай? Бұл туралы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» егжей-тегжейлі түсіндірді.

Несие мерзімі - 20 жыл;

Бастапқы жарна - 10 пайыздан;

Жылдық мөлшерлемесі - 5 пайыз;

Қарыздың ең жоғары сомасы:

- Нұр-Сұлтан, Алматы және осы қалалардың маңындағы аймақтар үшін 18 млн теңгеге дейін;

- Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстары, Шымкент қаласы үшін 15 млн теңгеге дейін;

- Басқа аймақтар үшін 12 млн теңгеге дейін.

Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

Бағдарламаға тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар қатыса алады.

Жаңа бағдарлама бойынша қандай үйлерді алуға болады?

Бағдарламаға қатысушылар жергілікті әкімдіктің арнайы бағамен салған үйлерін таңдайды:

Алматы қаласында - шаршы метрі 240 мың теңгеге дейін;

Нұр-Сұлтанда және осы қала маңындағы аймақта - шаршы метрі 220 мың теңгеге дейін;

Шымкент қаласында және Алматы маңындағы аймақта - шаршы метрі 200 мың теңгеге дейін;

Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан және Қарағанды облыстарында - шаршы метрі 180 мың теңгеге дейін;

Басқа аймақтарда - шаршы метрі 160 мың теңгеге дейін;

Хабарламаларға жазылу