Елімізде ескі көліктер көбейіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ескі көліктер көбейіп жатыр

18.04.2023

Биыл ақпан айында елде 150 мыңнан аса көлік тіркеуден өткен. Бұл биылғы ең жоғары көрсеткіш. Бірақ, тіркеуден өтіп жатқан көліктің көбі - ескі. 50 719 көлік 20 жылдан асқан және тағы 49 мың автомобильді азаматтар 10, 20 жылдан бері пайдаланып келе жатыр. Ал, 3 жылдан артық емес, яғни жаңалау темір тұлпардың қатары 7 827 екен. 5 пайыз ғана. Бұған негізгі себептің бірі – шетелдік көліктерді тіркеуге арналған мемлекеттік акция болса керек. Азаматтар қолжетімді бағамен алыс-жақын шет елден әкелген көлікті 1 шілдеге дейін заңдастырып жатыр.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу