Елордада саябақтар ашылып, тұрғындардың серуендеуіне рұқсат берілді. Алайда қыдыру кезінде белгілі бір ережелерді сақтау қажет. Қала әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкеннің сөзінше, саябақтармен қоса бақтарда немесе өзен жағалауында да серуен құруға болады. Тек, үш адамнан артық жиналып жүрмеу керек. Маска тағып, ара қашықтықты сақтаған абзал. Осындай талаптарды орындаған жағдайда ғана көшеде алаңсыз қыдыра аласыз. Әкімдіктегілер, бұл жеке басыңыздың қауіпсіздігі үшін маңызды екенін тағы бір мәрте ескертті.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ