Сәуір айында теңге нығайды - Ұлттық банк - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәуір айында теңге нығайды - Ұлттық банк

12.05.2020
Сәуір айында теңге нығайды - Ұлттық банк

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында валюта нарығындағы жағдайды баяндады.

«Биылғы сәуірде ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақтанды. Мұнай өндіруді қысқарту туралы ОПЕК+ қол жеткізген уағдаластық, акциялар нарығындағы позитивті жағдай және экономикасы дамушы елдер мен мұнай экспорттаушылар валюталарының нығаюы теңгеге оң ықпал етті. Нәтижесінде биылғы сәуірде ұлттық валюта бір АҚШ доллары үшін 424,57 теңгеге дейін 5,2% нығайды», - деді Ерболат Досаев Үкімет отырысында.


Хабарламаларға жазылу