Елімізде бұқаралық және отбасылық шараларға шектеу жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде бұқаралық және отбасылық шараларға шектеу жалғасады

11.05.2020
Елімізде бұқаралық және отбасылық шараларға шектеу жалғасады

Елімізде бұқаралық және отбасылық шараларға шектеу жалғасады. 

Бұл туралы Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова қол қойған халықты коронавирус инфекциясынан қорғау шараларын одан ары күшейту туралы қаулыда айтылған. 

Аталған қаулыға сәйкес, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдері спорттық және өзге де бұқаралық, сонымен қатар отбасылық, еске алу шаралардың өткізілуіне тыйым салынуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда, ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын өзге де нысандардың жұмысына тыйым салынады. Діни нысандардың да есіктері әзірше келушілер үшін жабық. 

Мұнан бөлек, әкімдер әкімдіктер жанындағы ұтқыр топтардың күшімен нысандардың кейбіріне тексеру жүргізуді және індетке қарсы режим талаптар орындалуын сақтауға мониторинг жүргізі қажет. Әскер қатарына шақырылушылар әскери бөлімге келгеннен кейін ПТР (полимеразды тізбекті реакция) әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтуі тиіс. 

Қоғамдық орындар, өнеркәсіп аумақтары, әуежайлар, ауладағы балалар алаңдары және өзге де нысандарда санитарлық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуі керек. Сонымен қатар халық арасында COVID-19-дың таралуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қолға алуылары қажет.

Хабарламаларға жазылу