Сенат депутаттары бір күндік жалақыларын вируспен күрес қорына аударады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат депутаттары бір күндік жалақыларын вируспен күрес қорына аударады

19.03.2020

Елде енгізілген төтенше жағдайға байланысты Сенат аппараты қызметкерлерінің 70 пайыздан астамы үйден жұмыс істейді. Ал қалғандарына қысқартылған жұмыс күні белгіленді. Мұны бүгін жоғарғы палатаның төрағасы Дариға Назарбаева мәлімдеді. Бұған қоса, төтенше жағдай кезінде барлық іссапар мен жоспарлы бұқаралық шараларға тыйым салынады. Жалпы және комитет отырыстарына шақыртылатын адамдардың санын шектеу тапсырылды. Ал заң шығарушылық жұмыс жалғаса беретінін айтты ол. Жиын барысында Сенат депутаттары мен аппарат қызметкерлерінің бір күндік жалақысын вирусқа қарсы күрес қорына аудару туралы ұсыныс жасалып, сенаторлардың қолдауын тапты.

Данияр ҚАЙЫРТАЙ


Хабарламаларға жазылу