«Балапан» телеарнасы жариялаған ертегілер байқауы жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балапан» телеарнасы жариялаған ертегілер байқауы жалғасуда

10.08.2015
«Балапан» телеарнасы жариялаған ертегілер байқауы жалғасуда

«Балапан» телеарнасы бесжылдық мерейтойы қарсаңында ата-аналар арасында жариялаған ертегілер байқауы жалғасады.

Байқау талабы бойынша туынды 3-10 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арналған, бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында, кітаптарда жарияланбаған, көлемі кемінде екі бет (12 қаріп) болуы керек. 

Ал, ертегі жанрына шектеу қойылмайды.  Ең үздік ертегінің желісі бойынша телевизиялық қойылым түсіріліп, кітап шығарылмақ.

Айта кетейік, байқау 25 тамызға дейін жалғасады.

Мекенжайымыз: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа» орталығы, «Балапан» телеарнасы. 

E-mail: balapantv@kaztrk.kz

 

Хабарламаларға жазылу