Киевте тұратын 98 жастағы соғыс ардагеріне «Алтын Барыс» төсбелгісі табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киевте тұратын 98 жастағы соғыс ардагеріне «Алтын Барыс» төсбелгісі табысталды

10.05.2020

Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Калетаев Киевте тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері 98-ге келген Нұрбай Базарқұлұлы Аманжоловтың үйіне барып, Президент Қ.Тоқаевтың Алғыс хаты мен «Алтын Барыс» төсбелгісін табыстады.

Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданының тумасы 18 жасында соғысқа аттанған. Украина мен Польшаны, Чех астанасы Праганы азат ету ұрыстарына қатысқан. Соғыстан соң Карпат маңы әскери округінде қызмет еткен. Зейнетке полковник шенінде шыққан. Омырауына орден-медаль сыймаған ардагер саналы ғұмырын Украинада өткізсе де, Отаны – Қазақстан ылғи жүрегінде екенін айтады.


Хабарламаларға жазылу