Қарағанды облысында 800 шақырымдық жол құрылысы басталады

06.05.2020

Биыл «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарағанды облысында 800 шақырымдық жол құрылысы басталады. Сондай-ақ 300-ге жуық су өткізетін құбыр, 17 көпір салу жоспарланған. Аталмыш жобалармен өңірге жұмыс сапарымен барған Премьер-Министр Асқар Мамин танысты. Үкімет басшысы ұзындығы 363 шақырым болатын «Қарағанды – Балқаш» автожолын реконструкциялаумен танысты. Бүгінде бұл іске 1800 жұмысшы мен 900-ге жуық техника тартылған. Сонымен қатар, Асқар Мамин Балқаш қаласына барып, тұрғын үйлердің құрылысын көрді.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу