Үкімет басшысы Қарағанды облысындағы мемлекеттік жобалардың іске асырылуын тексерді

06.05.2020

Биыл «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарағанды облысында 800 шақырымдық жол құрылысы басталады. Сондай-ақ 300-ге жуық су өткізетін құбыр, 17 көпір салу жоспарланған. Аталмыш жобалармен өңірге жұмыс сапарымен барған Премьер-Министр Асқар Мамин танысты. 

Үкімет басшысы ұзындығы 363 шақырым болатын Қарағанды-Балқаш автожолының реконструкциясына баға берді. Бүгінде жөндеу жұмыстарына 1800 жұмысшы мен 900-ге жуық техника тартылған. 

Сонымен қатар Асқар Мамин Балқаш қаласына барып, тұрғын үйлердің салыну барысын көрді. Өңірдің туристік әлеуетін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу