Қарағанды облысында 800 полицей марапатталды

23.06.2014
Қарағанды облысында 800 полицей марапатталды
Ішкі істер саласында жүріп, өз міндетіне тиянақтылығы мен кәсіби шеберлігі үшін Қарағанды облысы бойынша 800 полиция қызметкері марапатталды. Тәртіп сақшыларының төл мерекесіне арналған салтанатты шарада облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков полицейлерге алғыс хат табыстады.
 
Сонымен қатар, Ішкі істер министрінің бұйрығымен бірқатар қызметкерге мерзімінен бұрын полковникке дейінгі шендер мен медальдар берілді. Қоғамдық тәртіпті сақтау мен қылмысты болдырмау, азаматтардың жеке бас қауіпсіздігіне араша түсу жолында қаза болған батырлар да бір сәтке еске алынып, олардың отбасыларына сый-сияпат жасалды.
 
Әлия Байғасқа, Нұрлан Байғасқаның қызы:
Менің сегіз жасымда папам қайтыс болды. Қылмыскерлердіұстаубарысында. Өтежақсыадамболған. Полицияқызметкеріболуөтеқиын.
 
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу