Жетісай ауданына қарасты ауылдарға әлі де су басу қаупі төніп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісай ауданына қарасты ауылдарға әлі де су басу қаупі төніп тұр

05.05.2020

Мақтааралдағы апат салдарын жерді қашықтықтан зондтау арқылы бақылануда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі таратқан мына суреттерде апаттың ауқымы анық көрінеді. Қоймадағы су 1 мамыр таң ата Қазақстан бағытында ағып бастады. Жол жөнекей Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фердауси, Өргебас, Достық ауылдарын шайып кетті. Қазір аталған 5 елді мекен су астында жатыр. Мамандар 400 миллион текше метр су ағып келгенін айтады. Бұл Қызыл ағаш бөгетінен аққан судан 10 есе артық. Осыдан-ақ, Түркістан облысындағы апаттың масштабын пайымдай беріңіз. Бүгінгі таңда, су деңгейі 20-30 см төмен түскен. Алайда, Жетісай ауданына қарасты бірқатар елді мекендерге қауіп әлі де төндіріп тұр.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу