Ал Президент су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсетуді тапсырды. Twitter-дегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев: «Үкіметке Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан су басқан ауылдарымыздың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсету тапсырылды. Түркістан облысының бірде-бір тұрғыны назардан тыс қалмайды», - деп жазған.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ