Ал жаңадан ашылатын жұмыс орындарына көбінесе жұмыссыз жастар тартылмақ. Бұл бағдарламалар ойдағыдай жүзеге асса, ел экономикасы да әлденіп қалуы тиіс. Сарапшылардың пікір осыған саяды.
Экономика ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Исабековтың пікірнше, осы стратегиялық инновациялық келісімшарттар бойынша миллиондаған қазақстандыққа жұмыс тауып беретін болсақ, олардың ауқаттылығымен жалақы алғанннан кейін төлем қабілеттілігі де артады, ал төлем қабілеттігі артқаннан кейін олар нарықтан тауар сатып алып, айналымға қаржы түседі.
Сарапшы Уәлихан Қайсар былай дейді: «Жоба іске асатын болса өте қатты әсер етеді деп ойлаймын біздің экономикамызға, елге де, әл ауқатын бағытталған деп ойлаймын. Сондықтан көп адамдарға қазір қабілетін, мамандығын, біліктілігін көбейтуде керек, өзгерту де керек».
Еркін СЪЕЗҰЛЫ