ҚР жұмыссыздардың құқықтары мен міндеттері туралы не білеміз?

11.04.2016
ҚР жұмыссыздардың құқықтары мен міндеттері туралы не білеміз?

2016 жылдың 6 сәуірінде «Жұмыспен қамту туралы» заң жобасы қабылданды. Заң жобасының негізгі мақсаты – халықты тұрақты және өнімді жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту және  халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу. Сондай-ақ, еңбек нарығын реттеу, жұмыссыздардың жауапкершілігін арттыру және оларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау бойынша халықаралық стандарттарға өту қарастырылған.

Заң жобасына сәйкес жұмыссыздар:

  1. Халықты жұмыспен қамту орталығынан лайықты жұмыс іздеу қызметін тегін алуға және жұмысқа орналасуға ықпал етуге, сондай-ақ, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына оның ішінде консультациялық, ақпараттық қызметтер және мамандық таңдау мақсатындағы кәсіби бағдарлау қызметін тегін алуға;

Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасында тіркелген өзі туралы ақпаратты алуға;

  1. Жұмыссыз қалған жағдайда, егер ол міндетті әлеуметтік қорғау жүйесінің қатысушысы болса, онда әлеуметтік төлем алуға;
  2. «Мемлекеттік мекенжайлық әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес мекенжайлық әлеуметтік көмек алуға құқылы.

Жұмыссыздар міндетті:

  1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның талаптарын орындауға;
  2. Қазіргі заңға сәйкес Халықты жұмыспен қамту орталығына келу мерзімін, шарттарын, тәртібін сақтауға;
  3. Халықты жұмыспен қамту орталығы берген бағыт бойынша сол күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге жұмыс туралы сұрауға;
  4. 5 жұмыс күні ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қандай да бір өзгерістер туралы уақытында хабарлауға міндетті. 

Хабарламаларға жазылу