Өзбекстаның құзырлы органдары Сардоба су қоймасында болған апатқа байланысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы көрші елдің Бас прокуратурасы хабарлады.
Тергеу амалдарын жүргізу Мемлекеттік қауіпсіздік қызметіне жүктелді. Ал апатқа кінәлі адамдарға Жарылу қауіпі бар жұмыстардың қауіпсіздік ережелерін бұзды және қызметіне салғырттық танытты деген айып тағылмақ.
Фариза Мұсақызы