Cу тапшылығынан 7 мың гектар күріш алқабы қысқартылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Cу тапшылығынан 7 мың гектар күріш алқабы қысқартылмақ

03.05.2020

Бұл ақпараттан кейін бірден беретін материал – биыл Қызылорда облысында құрғақшылық болжанған. Өзбекстанда су сыймай бөгеттің жарылғанын естігенде суды сақтай алмайтындай көп, өте көп мөлшерде ұстағандары ғой деп ойладық...

Не керек, Қызылорда облысында күріш егістігін қысқарту бойынша шұғыл шаралар қабылданып жатыр. Биыл Шардара мен Көксарайда жиналған судың қоры небәрі 6,2 миллиард куб. Түркістандық диқандар да Сырдың суын ішетінін ескеру керек. Сонда облысқа тиесілі судың үлесі шамамен 4,2 миллиардтан аспайтынын айтады мамандар.

Сонымен бірге Сырдарияны жағалай қонған елдің Сыр-ананы қалжыратып жібергені де рас. Бұл қазаққа да, өзбекке де қатысты. Арал проблемасы ешкімге сабақ емес сияқты. Кіші Аралға тағы да су жетпей жатыр... «Бір күнім-қош күнім» ұстанымы табиғат пайдалануға орай жүрмейтінін сол күйі ұқпай кететін сияқтымыз.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу