Премьер-Министр Түркістан облысындағы құрылыс нысандарды аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Түркістан облысындағы құрылыс нысандарды аралады

30.04.2020

Премьер-Министр Асқар Мамин Шымкент пен Түркістандағы құрылыс нысандарын аралады. Шымкентте жыл соңына дейін салу көзделген халықаралық әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылыс барысымен танысты. Сондай-ақ Түркістанда жаңа халықаралық әуежайдың және оған апаратын автомобиль жолының құрылыс қарқынын бақылады. Бұл нысан облыс орталығынан 16 шақырым жерде орналасқан және биыл қыркүйекте пайдалануға беріледі. Терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 миллион жолаушыны құрайды. Сонымен қатар, Асқар Мамин Конгресс-холдың, 7 мың орынға шақталған стадионның, оқушылар сарайының, бассейні бар спорт кешенінің, аттракциондары бар қала саябағының, драма театрының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың, «Ұлы дала елі» орталығының, Ясауи музейінің және Тұңғыш Президент саябағының құрылыс алаңдарында болды. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы қолданысқа берілетін туристік нысандарды да аралап шықты. Басталған істі мерзімді әрі сапалы орындауды тапсырды. 

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу