Ералы Тоғжанов: Үш ауысымды мектеп мәселесі шешіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ералы Тоғжанов: Үш ауысымды мектеп мәселесі шешіледі

22.08.2022

Үш ауысымдық оқу мәселесін шешу үшін Қосшы қаласында тағы 3 мектеп салынуда. 1200 оқушыға арналған сондай мектептердің бірі биыл 1-қыркүйекте ашылады. Ералы Тоғжанов мұнда салынып жатқан мектептердің құрылыс жұмысымен танысып, әлеуметтік нысандарды аралады. Мәселен жуырда заманауи 100 орындық емхана мен жаңа полиция бөлімшесінің ғимараты қолданысқа беріледі.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
2019 жылы Қасым-Жомарт Кемелұлы 3 ауысымды мектепке байланысты Қосшыға сапар барысында біраз тапсырмалар көтерілді. Соның нақты шешімін бүгін көріп отырмыз. Жылдың аяғына дейін 3 ауысымды мектептер мәселесі Қосшы қаласында толықтай шешімін табатын болады.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу