«Tengri Bank»-тің негізгі акционері қолдау қаржының екінші траншын аударды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Tengri Bank»-тің негізгі акционері қолдау қаржының екінші траншын аударды

28.04.2020

 «Tengri Bank» құтқарылды. Мекеменің негізгі акционері үндістандық Punjab National Bankтен қолдау қаржының екінші траншын алды. Бұл жөнінде «Tengri Bank» өкілдері хабарлады. Кредит желісі арқылы берілген қаражаттың нақты соммасы құпия сақталып отыр. Айта өтейік, Punjab National Bankтен бірінші транш 25-ші сәуір күні аударылған еді. Енді екі апта ішінде «Tengri Bank» жұмысын толық жандандырып, барлық қаржылық операцияларды қалыпты жағдайда жүргізеді деп күтіліп отыр. Ал, берілетін ақша көлеміне қойылған шектеу 1-2 күнде алынады. Еске салсақ, Қаржы нарығын реттеу агенттігі салымшылар шағымынан соң «Tengri Bank»-тің үстінен кезектен тыс тексеру жұмыстарын бастады. Агенттік «Tengri Bank»-тің 41,64 пайыз акциясына ие үндістандық Punjab National Bank-ке қатаң талап қойған еді. Ірі акционер 30 сәуірге дейін «Tengri Bank»-ті капиталдандыруы тиіс болатын. Агенттік өзге де акционерлермен жұмыс жүргізіліп жатқандығын хабарлаған. Айта өтейік, «Tengri Bank»-тің салымшылары алдында 98 миллиард теңге қарызы бар.

Ләйла ДУЛАТ


Хабарламаларға жазылу