Семейдегі орман өртінен 2300 гектар алқап жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейдегі орман өртінен 2300 гектар алқап жанып кетті

26.04.2020

Осы аптада «Семей орманы» табиғи орман резерваты аумағында талай жылдан жері болмаған апат өрт болды. Қызыл жалын 2300 гектардан астам алқапты жалмады. Оның дені қарағайлы орман. Секундына 20-25 метрге соққан жел жалынды дер кезінде сөндіруге ырық бермеді. Тіпті «Семей орманы» резерватының бас директоры 30 -ға жуық маманмен бірге қызыл жалының құрсауында қалып қойып, әйтеуір аман қалды. Орманшылар отты ауыздықтау үшін бірнеше тәулік тынымсыз күресті. Өрттің таралу жолдары тұйықталды. Алайда, қызыл жалын шарпыған аумақтағы қозданып жатқан жерді әлі аптаға жуық уақыт сөндірмек. Ең бастысы жақын елді мекендерге қауіп төнген жоқ.

Ержан ЖАҚЫП 


Хабарламаларға жазылу