Австралияның шығысында жаңбыр жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияның шығысында жаңбыр жауды

16.01.2020

Австралияның орман өрті қаулаған шығыс жағалауында жаңбыр құйып, жергілікті халық бір серпіліп қалды. Мұны «Рейтер» агенттігі хабарлап отыр. 

Дегенмен, жауынның суы өрттің күлін Марсли өзеніне ағызып, талай балық қырылған.

Елдің метеорологиялық бюросының хабарлауынша, қуаңшылықтан арылу үшін наурызға дейін күтуге тура келеді. Себебі сол айда жаңбырлар маусымы басталып, ол мамырдың соңына дейін жалғасып, шығыстағы жағдай жеңілдеуі мүмкін. Бірақ үш жылға созылған құрғақшылықты тоқтату үшін бұл жауын жеткіліксіз деген болжам бар.

Австралиядан орман өртінен қыркүйектен бері 29 адам қаза тауып, 2 мыңнан астам үй мен 10 миллиондай гектар жасыл желек жанып кетті.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу