Семейде қала ішіне бұғылар кіріп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде қала ішіне бұғылар кіріп кетті

30.06.2023

Семейде үш бірдей бұғы қала ішіне кіріп кеткен. Жабайы жануарлар шаһардың орталық көшелерін кезіп жүргенін тұрғындар видеоға түсіріп алған. Кейін бұғылардың Ертіс өзені арқылы жүзіп бара жатқанын да көпшілік байқаған. Жануарлар қалаға орман өртінен кейін келген болуы мүмкін. 60 мың гектардан астам алқап жанып кеткен қарағайлы орманда әлі күнге дейін бықсып жанған қоламта сөндіріліп жатыр.


Ержан Жақып 

Хабарламаларға жазылу