Көкшетаудағы дауылдың салдары әлі жойылған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетаудағы дауылдың салдары әлі жойылған жоқ

23.04.2020

Екі жетіден астам уақыт өтсе де, Көкшетауда дауылдың салдары әлі жойылмады. Шатыры ұшып кеткен көпқабатты үйлердің тұрғындары жөндеу жұмыстарын жылдамдатуды сұрап жатыр. Түнде жаңбыр жауып, пәтерлердің төбесінен су тамшылаған. Естеріңізге сала кетейік, 7-інші сәуірде қатты жел болып, қаладағы бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкеткен еді. Олардың ішінде мемлекеттік бағдарлама бойынша жөнделген 2 үй бар.   

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, шығын көлемі 50 миллион теңгеге жуық. Үйлердің шатыры бюджет есебінен жөнделмек. Алайда, жұмыстардың қашан басталатыны белгісіз. Ал дауылдан келген жалпы шығын әлі есептелуде. Комиссия жұмысын аяқтаған жоқ. Барлығы 200-ден астам ғимаратқа, 38 аялдамаға зақым келген.

Дүлей дауыл сол кезде қостанайлықтарды да әбігерге салған еді. Облыста электр бағаналары құлап, 87 әлеуметтік нысанның шатыры зақымданды. Қостанай қаласында 21 жарнамалық билборд және 48 бағдаршам бүлінген. Бүгінде қалпына келтіру жұмыстары аяқталған.

Ермек ЕЛБЕРГЕН


Хабарламаларға жазылу