Мамыр айында вирус жұқтырғандар саны екі есеге өсуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мамыр айында вирус жұқтырғандар саны екі есеге өсуі мүмкін

22.04.2020

Мамыр айының соңына дейін вирус жұқтырғандар саны екі есе өсіп, төрт мыңға жетуі мүмкін. Еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова осылай деді. Қазіргі таңда елімізде вирус анықталғандар қатары екі мыңнан асып кетті. Бір аптадан соң, бұл көрсеткіш 2700-ден аспақ. Коронавируспен күреске еліміз бойынша 16 мың медицина маманы тартылған. Олардың тоғыз мыңға жуығы эпидемиолог. Сондай-ақ бас санитар дәрігер 24 сәуір күні басталатын Рамазан айында ораза ұстаушыларға өз денсаулығына сақ болуын әрі дұрыс тамақтануын ескертті.  

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК


Хабарламаларға жазылу