42 500 теңге жұмысы басталған қызметкерлерге берілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

42 500 теңге жұмысы басталған қызметкерлерге берілмейді

21.04.2020

42 500 теңгені алуға өтніш бергендердің 70 пайызы жалдамалы жұмысшылар. Мұндай мәліметті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы ұйымдастырған онлайн-конференцияда мәлімдеді. Олардың табысы жоқтығын дәлелдеу кезінде қиындықтар болған. Бірақ бұл мәселе қазір реттелгенін айтады министрлік өкілі. Ал депутат Ирина Смирнова 3000-нан астам кәсіпорын тоқыраудың алдында тұр. Сондықтан кәсіпкерлерді қолдау мәселесін алғашқы орынға қою керек деген пікір айтты. Әлеуметтік төлемнің маңызы мен мүмкіндіктерін талқыға салған қатысушылар, әсіресе цифрлық мүмкіндікті жетілдіру, тұрғындар туралы статистикалық мәліметтерді оңтайландыру, шетелдік тәжірибені қолдану мәселесіне көп көңіл бөлу қажеттігі айтылды. Жиын модероторы Рахым Ошақбаев бұл көмектің дер кезінде қабылданған шешім екенін айтып, келеңсіз мәселелерді бірлесе шешуге шақырды.

 42500 теңге жұмысы басталған мамандарға берілмейді. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мукушев өзінің парақшасында айтты. Өйткені өздеріңізге белгілі кешеден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы кейбір мекемелердің қызметі қайта жанданды. Сондықтан оларға екінші айда әлеуметтік төлем төленбейді. Ол үшін egov.kz порталында төлемнен бас тарту жөнінде функция бар. Ал осы министрліктің вице министрі 70 пайызы жалдамалы жұмысшылар екенін айтты.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу