Жарқанаттар коаланы өлтіретін вирустарды тасиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жарқанаттар коаланы өлтіретін вирустарды тасиды

20.04.2020
Жарқанаттар коаланы өлтіретін вирустарды тасиды

Австралия, Германия және Сингапур ғалымдары коалаларға жұғатын KoRV вирусын жарқанаттар таситынын анықтады. 

KoRV - жануарлардың иммун тапшылығы вирусы. Ол - жануардан жануарға жұғатын жұқпалы ауру. 

Ғалымдардың пайымынша, бұл індеттен және табиғат апаттарынан соңғы тоғыз жылда коалалар саны екі есеге азайған. 

Қазір коалалардың басым бөлігі осы дертке шалдыққан. 

Мамандар зерттей келе жарқанаттардан осыған ұқсас вирусты тапты. Оған HPG атауы берілді. «Бұл вирус тек коалаларға ғана емес, басқа жануарларға, адамдарға да үлкен қауіп төндіруі мүмкін», - дейді олар.

Жалпы, жарқанаттар ағзасы - көптеген қауіпті вирустарды сақтайтын резервуар іспеттес. Деректерге сүйенсек, соңғы жылдары ең көп адам өліміне себеп болған SARS, MERS, Эбола мен Марбург және Қытайда тараған COVID-2019 вирустары осы жарқанаттардан жұққан.

esquire.ru

Хабарламаларға жазылу