Мұз қоршауындағы карантин. Коронавирус жетпеген материктегі өмір - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұз қоршауындағы карантин. Коронавирус жетпеген материктегі өмір

20.04.2020
Мұз қоршауындағы карантин. Коронавирус жетпеген материктегі өмір

Антарктида – коронавирус індеті жетпеген жалғыз континент. Қазіргі таңда «мұз мекеніндегі» барлық зерттеу станцияларында карантин режимі енгізілген. Себебі континентте COVID-19 вирусы анықталса, оны емдейтін құрылғылар мен дәрі-дәрмекке қол жеткізу қиынға соғады.

Антарктидадағы туристік маусым 3 наурыз күні аяқталған. Көптеген зерттеу станцияларында жұмыс мерзімінен бұрын тоқталды.

Чили Антарктидалық институтының директоры Марсело Леппе Картестің айтуынша мұнда карантин режимін ұстану қиын емес. Себебі ғылыми станциялар бір-бірінен алыс қашықтықта орналасқан және мамандар өзара сирек жүздеседі.

Дереккөз: BBC


Хабарламаларға жазылу