Тengri bank салымшыларына 98 миллиард теңгедей қарыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тengri bank салымшыларына 98 миллиард теңгедей қарыз

17.04.2020

Тengri bank салымшыларына 98 миллиард теңгедей қарыз. Бұл ұлттық банктің келтірген мәліметтері. Қазіргі таңда банктың жеке тұлғалар алдында 27,5 миллиард ал заңды тұлғалар алдында 37,6 миллиард теңге берешегі бар. Ал жеке қорындағы қаражат көлемі 20 миллиард теңгеден сәл асады. Банк өкілдері салымшыларына басу айтып, қаражатқа кепілдік беретінін мәлімдеді. Қазір негізгі акционері – Үндістандық Punjab National Bank-пен Ұлттық Банкке қолдау көрсету туралы өтініш жолдаған. Айта өтейік, наурыз айының көрсеткіштеріне сай, Тengri bank-тің таза шығыны 2,3 миллиард теңгені көрсеткен. Сондықтан банк түрлі шектеулерді еңгізіп отыр. Мәселен, салымшылар банкоматтан тәулігіне 50 мың теңгеден артық ақша шеше алмайды.

Ләйла ДУЛАТ


Хабарламаларға жазылу