Қарағандыда әскери ұшақ құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда әскери ұшақ құлады

16.04.2020

Қарағанды әуежайы маңында 19 сағат 3 минутта «МИГ-31» әскери ұшағы құлады. Ол Қорғаныс министрлігіне тиесілі болған. Қала маңында жауынгерлік кезекшілікті атқаруға дайындық кезінде жоспарлы ұшуларды орындап жүрген. Ұшқыш пен штурман аман. Парашютпен секіріп үлгерген. Қазір Қарағанды қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Алдын ала ақпарат бойынша апатқа бір қозғалтқыштың істен шығуы себеп болған.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу