Америка халқы лаңкестік құрбандарын еске алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Америка халқы лаңкестік құрбандарын еске алды

12.09.2023

Америка халқы алапат лаңкестік шабуыл құрбандарын еске алды. Дүниені дүр сілкіндірген терактіге 22 жыл толды. Президент Джо Байден Аляскадағы әскери базаға сапарында осы датаға орай мәлімдеме жасап, отандастарын бұл трагедияны ешқашан ұмытпауға шақырды. 2001 жылы 11 қыркүйекте «әл-Каида» содырлары Нью-Йорктегі дүниежүзілік сауда орталығына, Арлингтондағы Пентагон ғимаратына соққы берді. Тағы бір ұшақ Пенсильванияға құлады. Бұл шабуылдардан 3 мыңға жуық адам қаза тапқаны белгілі.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу