Әлемді жайлаған індетке қарамай, Түркістанда құрылыс қайнап жатыр. Тұрғын үйлер, әкімшілік, әлеуметтік ғимараттар, жол құрылысы да қарқын алған. Бірақ Санитарлық талаптар күшейтілген. Құрылысшылар еңбек қауіпсіздігімен қатар, төтенше жағдай ережелерін қатаң ұстануда. Биыл Түркістан қаласының өзінде 15 нысан салынып бітеді. Сондай-ақ облыс бойынша 900 шақырым жол жөнделмек.
Бүгінде әкімшілік-іскерлік орталықта 7 қабатты 24 тұрғын үйдің ішкі әрлеу-сырлау жұмыстары қызып жатыр. 5157 пәтерлі 73 үйдің құрылысы тағы бар. Ондағы санитарлық тәртіпті Өмірзақ Шөкеевтің өзі бақылап шықты. Қала әкіміне жұмыс күшін көбейтуді тапсырды.
Биыл шежірелі шаһарда бірнеше сәулет жауһары пайда болады. Атап айтсақ, «Конгресс орталығы», «Нұр-Сұлтан алаңы», оқушылар сарайы, цифрлық кеңсе, бассейні бар үлкен спорт кешені, смарт сити байланыс желілері, қалалық саябақ, «Драма театр», ғаламат кітапхана, бес Жұлдызды қонақүй есігін айқара ашады.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ