Қазақстанға коронавируспен күресу үшін Қытайдан дәрігерлер келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға коронавируспен күресу үшін Қытайдан дәрігерлер келді

09.04.2020

Осыдан бір сағат бұрын Назарбаев халықаралық әуежайна Қытайдан арнайы борт келіп қонды. Оның ішінде қауіпті індетпен күресу үшін қазақстандық дәрігерлерге көмектесетін мамандар мен гумманитарлық көмек бар. Қытайлық мамандардың негізгі миссиясы — қазақстандық дәрігерлерге консультациялық-әдістемелік көмек көрсету. Оның ішінде профилактика және бақылаудың қытайлық механиздерін, жақын байланыстарды анықтау және оқшаулау механизмдерін таныстырмақ. Жалпы, қытайлық делегация Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларының дәрігерлерімен кездеседі деп жоспарланған. Естеріңізге сала кетейік, Қытайдың Ухань қаласынан тараған індетті күні кеше Қытай Үкіметі толық ауыздықтап, Хубэй астанасын карантиннен босатып, ашқан болатын. Бұдан бөлек, Қытай дәрігерлері тек бізге ғана емес, вируспен күресу үшін әлемнің көптеген елдеріне көмектесіп жатқанын да халықаралық ақапарат құралдары жазып жатыр.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу