42 500 теңге алу үшін қайтыс болған адамның атынан өтінім жіберген жағдай тіркелді. Тіпті, шетелде тұратын азаматтардың да мәліметі жүр. Мемлекет көмегіне ілігу үшін кей тұрғындар түрлі қитұрқы әрекеттерге барып жатқан көрінеді. Мәліметтерді тексеру кезінде осыған ұқсас 405 мың факт анықталған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төлемдерді өңдеудің кешіктірілуіне осы жағдайлар себеп деп отыр. Қазір азаматтардан 3,1 миллион өтінім түскен. Оның 1,3 миллионы қайталанған. Яғни, бір азамат бірнеше рет жіберген. Бастапқыда өтініштерді қарау 7 жұмыс күні ішінде белгіленсе, кейін процесті жеделдету үшін 3 күнге қысқарды. Аталған мерзімде төлем туралы хабарлама алмағандардың алаңдауына негіз жоқ екенін айтады ведмоство өкілдері. Өйткені, өтініштердің қайталануын анықтап, оларды жоюға біраз уақыт кетеді.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ