Алматылық дәрігерлер қорғаныс костюмдерін өздері тігіп жатыр деген ақпарат жалған

26.03.2020
Алматылық дәрігерлер қорғаныс костюмдерін өздері тігіп жатыр деген ақпарат жалған

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем қызметкерлері жұқпалы дертпенн күресте киетін костюмдерді өздері тігіп алып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Алматы қаласындағы жедел жәрдем бригадасы толықтай жеке қорғаныс құралдарының барлық түрімен жеткілікті мөлшерде жабдықталған. Атап айтқанда, бүгінде қаланың медициналық станциялары мен қосалқы станцияларында 400-ден астам медициналық костюмдер бар. Жедел жәрдем бригадасы жеке қорғаныс құралдарын әр шақырудан соң жаңартып отырады. Арнайы көліктерді залалсыздандыру жұмыстарына келетін болсақ, бұл процедура санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай жүзеге асырылады», – делінген хабарламада.

coronavirus2020.kz

Хабарламаларға жазылу