Білім және ғылым министрлігі бірнеше байланыс операторымен осындай келісімге қол қойды. Олар енді қашықтан оқытатын порталдарға ақысыз кіретін тарифтер әзірлейді. Қазір осы жүйемен білім беретін 24 интернет-ресурсы бар. «Алдағы уақытта олардың саны артады,-дейді министрлік. Сондай-ақ, 6-шы сәуірден бастап мектеп оқушылары да қашықтан білім алуға көшуі мүмкін. Осы бағытта арнайы топ құрылып, олар оқу бағдарламасын әзірлеп, ұстаздардың дайындығы пысықтауда. Интернетке кіруге мүмкіндігі жоқ алыс аймақтағы оқушылар үшін сабақ «Balapan» және «Еларна» телеарнасы арқылы өтуі мүмкін.