Қазақстандықтар дәрігерлерден онлайн консультация ала алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар дәрігерлерден онлайн консультация ала алады

02.04.2020

Иә, мұның барлығы - ғылым мен техниканың жетістігінің арқасы. Заманауи технологияның тағы бір мүмкіндігі - карантин кезінде қазақстандықтар 1430.kz порталында тәжірибелі дәрігерлерден онлайн кеңес ала алады. Ол үшін сайтқа тіркеліп, қажетті дәрігерді таңдап, интернет-қабылдауға жазылу қажет. Дәрігер алдын ала пациенттің талдау қорытындылары мен оның медициналық картасын қарап шығады. Барлығы дайын болған кезде тұрғынға видео байланыс арқылы кеңес береді. Қажет болған жағдайда, ол күндізгі қабылдау тағайындай алады. Бүгінде порталда 700-ден астам білікті дәрігер тіркелген. Олар туралы толық ақпарат порталда көрсетілген. Медициналық қызметті тегін немесе ақылы түрде алуға болады.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу