Қазақстандық веб-сайттарға кіру тегін болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық веб-сайттарға кіру тегін болады

30.03.2020

Қазақстандық веб-сайттарға кіру тегін болады. Байланыс операторлары төтенше жағдай кезінде қазақстандық домендік аймақта орналасқан интернет-ресурстарға қосымша төлемсіз кіруге мүмкіндік беретін түрлі тарифтік жоспарлар ұсынуда. Тіпті телефон теңгерімінде қаражат жоқ адам да қосыла алады. Ал коронавирус туралы ресми интернет-ресурсын, электрондық үкімет порталы мен e.gov мобильді қосымшасын пайдалану кезінде трафик есептелмейді және мегабайт шегерілмейді. Бүгінде ел бойынша 20 000-нан астам медицина қызметкері ұялы байланыспен интернет пакетін тегін пайдалануда.

Еркін СЬЕЗҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу