Залалсыздандыру - кез-келген инфекцияның таралуына тосқауыл болатын тиімді әдістің бірі. Сондықтан, Өскеменде жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялар санитарлық-дезинфекциялық жұмыстарды күшейтті. Облыс орталығындағы «Adal» автобекеті бұрын күн сайын 2-3 мың адамға қызмет көрсетсе, соңғы уақытта жолаушылар саны 80 процентке азайған. Қазір мұнда автобустардың барлығына жиі дезинфекция жасалып жатыр. Автобекет ғимаратының ішінде де 3 сағат сайын залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Мұндай сақтық шаралары трамвай паркі мен қаладағы барлық автопарктерде қолға алынған.