Елорда тұрғындары 22 наурыз түнгі сағат 12-ге дейін қалаға кіріп үлгеруі керек. Мұнан кейін жол тек азық-түлік таситындар үшін ғана ашық болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті хабарлады. Шеп бекеттерінде азаматтар жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі міндетті.