Елорда тұрғындары 22-наурызға дейін қалаға кіріп үлгеруі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда тұрғындары 22-наурызға дейін қалаға кіріп үлгеруі керек

19.03.2020

Елорда екі күннен соң толық жабылады. Кіріп-шығу мүмкін болмайды. Тек азық-түлік пен өзге де тіршілікке қажет тауар түрлерін тасымалдаушыларға ғана жол ашық. Олардың өзі жасыл дәлізбен жүреді. Сосын қалаға жақын орналасқан, карантиндік аумаққа жататын ауыл тұрғындары қатынай алады. Қазір шеп бекеттерінде соның бәрі түсіндіріліп жатыр.

Карантин әзір толық күшіне енген жоқ. Қатаң тәртіп орнатуға да дайындық керек. Сондықтан, ел-жұрттың көші-қон қозғалысын реттеп алуға 72 сағат берілген еді. Алғашқы 24 сағаты бітуге жақын. Қалған 48 сағаттың ішінде полицейлер қалаға кіріп шығатындарды анықтап алуы тиіс.

Бұйрықты орындасамсқа амал жоқ. Таразы басында ұлт денсаулығы. карантин азаматтардың емін-еркін қозғалысына тыйым салғанмен, ешкім аш қалмайды. 22-ші наурыздан бастап Елордаға аумағына азық-түлік тасымалдаушылар ғана өтеді. Ал қалаға жақын орналасқан әрі тұрғындары жұмысқа көп қатынайтын ауылдар карантиндік аумаққа кіргізілді.

Қатаң болмаса тартар зардабы қатты болатынын айтады билік өкілдері. Сол үшін соңғы екі күн ішінде діттеген жерге жетіп алуға асыққан абзал.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу