Жаңа жұмыс орындарын ашуға 300 миллиард теңге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа жұмыс орындарын ашуға 300 миллиард теңге бөлінді

17.03.2020

Қазынадан бөлінетін 300 миллиард теңге өңірлерге жіберіледі. Қаражат әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуға жұмсалады. Нақтырақ айтсақ, мектеп, балабақша, аурухана, жолдардың құрылысына бағытталмақ. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов мәлімдеді. Бұдан бөлек, «Бизнестің жол картасы - 2025» және қарапайым заттар экономикасы жобалары бойынша да несиелеу көлемін көбейту жоспарланып отыр.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу